Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide

ҚАУІПСІЗДІК – КОМПАНИЯНЫҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ

10 маусым, 2026
2026 жылғы 9 маусымда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқарма мүшелері, мердігер ұйымдарға жетекшілік ететін департамент директорлары, «Жетібаймұнайгаз» және «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармаларының бастықтары мен бастық орынбасарлары, сондай-ақ 20 мердігер ұйымның басшылары мен қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі мамандары қатысты.
Кеңес барысында мердігер ұйымдардың өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы қызметіне жүргізілген талдау нәтижелері қаралды. Атап айтқанда, өндірістік бақылау, бұзушылықтардың алдын алу, жазатайым оқиғалардың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері талқыланды.
Өндірістік қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, профилактикалық жұмысты күшейтуге, еңбекті қорғау талаптарының сақталуына және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен мердігер ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударылды.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Болат Сүлейменұлы Сейтмағанбетов қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Компанияның сөзсіз басымдығы екенін атап өтті. Өз сөзінде ол өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын мүлтіксіз сақтау, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау департаменті директорының орынбасары Бауыржан Бергенұлы Ләтіп өз сөзінде өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарастың маңыздылығын, еңбекті қорғау талаптарының сақталуын тұрақты бақылау қажеттігін және мердігер ұйымдар басшыларының жауапкершілік деңгейін арттырудың өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ жиында өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар ескертулер мен ұсынымдар және ұсыныстар айтылды.
Кеңес сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтіп, барлық қатысушылардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға ортақ мүдделі екенін көрсетті.