Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide

МАМАНДЫҚ ҮЗДІКТЕРІ: «ҮЗДІК МАМАН» – 2026 БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

25 мамыр, 2026
23 мамыр күні «Үздік маман» – 2026 кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Айта кетейік, байқаудың практикалық және теориялық бөлімдерден құралған II кезеңі 21–22 мамыр күндері Жетібай кен орнында өткізілді. Оған бұған дейін I кезеңнің жеңімпаздары атанған «Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармаларының қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында мұнай мен газ өндіру операторлары, жөндеуші-слесарьлар, қабат қысымын ұстау операторлары, электргазбен дәнекерлеушілер, тауар операторлары, ұңғымаларды зерттеу операторлары, токарьлар, химиялық талдау зертханашылары және технологиялық сораптар машинистері болды.
Басшылық байқауға қатысушыларды жылы құттықтап, жаңа еңбек табыстарын тіледі, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Төртінші орын алған қатысушылар да назардан тыс қалмай, Қоғамның кәсіподақ комитеті атынан ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Бұдан бөлек, комиссия мүшелеріне және іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге үлкен үлес қосқан қызметкерлерге де бағалы сыйлықтар табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:
🔹 Мұнай және газ өндіру операторлары
І орын – Бердиджанов Аманжол, "ЖМГ" ӨБ-ң №3 МжГӨЦ
ІІ орын – Избасаров Болатбек Амангелдиевич, "ҚМГ" ӨБ-ң №3 МжГӨЦ
ІІІ орын – Сарсенбаев Фархад Дауржанович, "ҚМГ" ӨБ-ң №3 МжГӨЦ
🔹Жөндеуші-слесарь
І орын – Мақтанов Базаржан Серейұлы, "ҚМГ" ӨБ-ң №4 МжГӨЦ
ІІ орын – Абуов Ренат Жумабаевич, "ҚМГ" ӨБ-ң №3 МжГӨЦ
ІІІ орын – Ержанов Саламат, "ЖМГ" ӨБ-ң №3 МжГӨЦ
🔹Электр-газбен дәнекерлеуші
І орын – Балгазиев Ануарбек Беклыбаевич,  "ЖМГ" ӨБ-ң ПЖПЖЦ
ІІ орын – Алиев Даулет Байбозұлы, "ҚМГ" ӨБ-ң ПЖПЖЦ
ІІІ орын – Сейтов Айболат Ермекович, "ҚМГ" ӨБ-ң ПЖПЖЦ
🔹Қабат қысымын ұстау операторлары
І орын – Оразбек Серікбол Оразбекұлы, "ҚМГ" ӨБ-ң ҚҚҰЦ
ІІ орын – Алдабергенов Куандык, "ЖМГ" ӨБ-ң ҚҚҰЦ
ІІІ орын – Отебай Газрет, "ЖМГ" ӨБ-ң ҚҚҰЦ
🔹Ұңғымаларды зерттеу операторлары
І орын – Адай Жакия Ахметұлы, "ҚМГ" ӨБ-ң ҒЗжӨЖЦ
ІІ орын – Мақсатұлы Жомарт, "ҚМГ" ӨБ-ң ҒЗжӨЖЦ
ІІІ орын – Нурсеитов Мухамбет Дуйсембаевич, "ЖМГ" ӨБ-ң ҒЗжӨЖЦ
🔹Тауарлық операторлары
І орын – Кожанепесов Куантай Бердаулетович, "ҚМГ" ӨБ-ң КМДжА
ІІ орын – Адай Закария Ахметұлы, "ЖМГ" ӨБ-ң МДжА
ІІІ орын – Алибaев Нурлан Бахытович, "ЖМГ" ӨБ-ң МДжА
🔹Химиялық талдау зертханашылары
І орын – Әділов Жолдас Смагзамұлы, "ҚМГ" ӨБ-ң  ҒЗжӨЖЦ
ІІ орын – Иманкулова Рахима Балықбаевна, "ҚМГ" ӨБ-ң  ҒЗжӨЖЦ
ІІІ орын – Джайлиханова Нуржамал Тугелбаевна, "ЖМГ" ӨБ-ң  ҒЗжӨЖЦ
🔹Технологиялық сораптар машинисті
І орын – Бекбасар Әлі Ерсайынұлы, "ҚМГ" ӨБ-ң  КМДжА
ІІ орын – Даулбаев Нурлан Жузбаевич, "ҚМГ" ӨБ-ң  КМДжА
ІІІ орын – Альбаев Ерлан, "ЖМГ" ӨБ-ң  ҚҚҰЦ
🔹Токарь
І орын – Дошаев Құдай Исатайұлы, "ҚМГ" ӨБ-ң  МКЖӨҚКЦ
ІІ орын – Танатов Адильбек Шарипович, "ҚМГ" ӨБ-ң  ПЖПЖЦ
ІІІ орын – Жанаберген Қуаныш, "ЖМГ" ӨБ-ң  механикалық цехы.
Жарыс жеңімпаздары алдағы күз айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында өтетін «Үздік маман» кәсіби байқауына қатысады.