Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide

Safety First QUIZ–2026

05 мамыр, 2026
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Safety First QUIZ–2026» зияткерлік турнирі жоғары деңгейде өткізілді.
Бұл күн – өндірісте қаза тапқан немесе жарақат алған жұмысшыларды еске алу мақсатында қалыптасқан маңызды дата. Алғаш рет 1989 жылдың 28 сәуірінде Америка мен Канада жұмысшылары өз әріптестерінің рухына тағзым ету мақсатында атап өткен. Бүгінде бұл күн – адам өмірінің құндылығын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарын күн сайын қатаң сақтау қажеттігін еске салатын ерекше мәнге ие.
Өткен жылы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні форум форматында ұйымдастырылса, биыл іс-шара зияткерлік КВИЗ форматында өткізілді. Мұндағы басты мақсат – еңбекті қорғау тақырыбын барынша қызықты әрі қолжетімді түрде жеткізіп, қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.
Турнирге барлығы 9 команда қатысты: «ЖМГ» ӨБ-нен 3 команда, «ҚМГ» ӨБ-нен 3 команда және департаменттерден 3 команда.
Турнир барысында командалар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен тапқырлықты көрсетті. Қатысушылар арасында өзара бәсекелестік жоғары болып, ойын тартысты әрі қызықты өтті.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1-орын — «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ «Ozimiz» командасы
🥈 2-орын — Орталық аппарат «8 бит» командасы
🥉 3-орын — «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ «OILanain» командасы
Жеңімпаз командалар қаржылай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Осындай іс-шаралар ұжым бірлігін нығайтып қана қоймай, әр қызметкердің еңбек қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Алдағы уақытта да осындай мазмұнды әрі пайдалы кездесулерде жүздесеміз деген сенімдеміз.